Ғаламтор алыбы Google Ресейге $6,75 млн көлемінде айыппұл төледі

/uploads/thumbnail/20170710062017114_small.jpg

Google корпорациясы 438 миллион рубль көлеміндегі әкімшілік айыппұлын төледі. Оған себеп – монополияға қарсы заңнаманы бұзу, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Жанжал екі жылға созылған: 2015 жылдың ақпанында ресейлік «Яндекс» компаниясы Google-дің үстінен арыз түсірді. Себебі Android операциялық жүйесінде орнатылған қолданбалар нарығында үстемдігін теріс пайдаланған.

2015 жылдың күзінде Федералды монополияға қарсы қызмет «Яндекстің» талабын әділетті деп танып, Google-дің тәртібін ретке келтірмек болған. Ал Google бұл арызға шағымданатынын айтқан, алайда шағымдары сәтсіз аяқталды.

2016 жылдың наурызында Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметінің басшысы Игорь Артемьев Google-дің агрессивтілігін айыптап, сол жылы-ақ екі ай сайын айыппұл төлетіп тұруға уәде берген.

2017 жылдың сәуірінде монополияға қарсы қызмет пен Google әлемдік келісім жасап, сот істеріне нүкте қойылды. Ғаламтор алыбы 438 млн рубль көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сондай-ақ, әлемдік келісімнің шартына сәйкес, Google Android жүйесіндегі эксклюзивті мобильдік құрылғылардан бас тартады және үшінші жақты қолданбалардың орнатылуын тежемейтін болады.

Смартфон өндірушілері Google-мен коммерциялық келісмідерге келе алатын болады, сонымен қатар кез-келген қолданбаны орната алады, ал Американың ғаламтор алыбы бұған қарсы келе алмайды.

«Біздің ойымызша, өндірушілерде таңдау болуы қажет  - смартфондары мен планшеттеріндегі іздеу жүйесі қандай болатыны, тіпті қандай қызмет орнатса да өз еркі», - деді «Яндекс» компаниясының өкілі Очир Манджиков.

Шолушы: Гүлім Жақан
 

Қатысты Мақалалар