Дәурен Абаев Жеңіс күнінде тағылатын қоңыр және көк түсті ленталар жайлы өз ойын айтты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Ақпарат және коммуникация министрі "Қазақстанның тәуелсіздігін ескере келе көк түсті лента заманауи тұрғындарға көбірек сай келеді. Бірақ әркім қандай түсті лента тағатынын өзі шешеді. Жеңіс күні мемлекет азаматтарының 99%-ының есінде. Бастысы, біз бұл мерекені есімізден шығармай жыл сайын тойлаудамыз" деп мәлімдеген болатын Хабар арнасындағы «Ашық диалог» жобасында . Елбасының жыл сайын Мәңгілік алауға барып гүл шоқтарын қоюмен қатар, ардагерлерді құттықтайтынын да тілге тиек етті.
«Мәңгілік полк» жобасының тиімді тұстарын да саралай өтті. «Мәңгілік полк» жобасын мен қолдаймын, себебі бұл майдан шебінде қаза болған ата-бабаларымызға, Ұлы Отан соғысы кезінде елге ерен еңбегі сіңген соғыс жауынгерлеріне арналған марш. Бастысы ешкімнің ешқашан ұмтылмайтыны» деп айтқан болатын Дәурен Абаев.
«Лентаның көк немес қоңыр түсті болуы маңызды емес. Заманауи Қазақстанның азаматы көк түсті лентаны таңдайды деп ойлаймын, себебі Тәуелсіздікпен көк түстің үлкен байланысты бар. Ал адамдардың лента тағуы ештеңенің ұмыт болмағанын көрсетеді» деп мәлімдеді министр.
«Жеңістің белгісі ретінде Георгий лентасы 2000 жылдардан бастап тарала бастады. Сондықтан бұл тақырыпты саясиландырудың еш қажеті жоқ. Бастысы ерлік көрсеткен аталарымызға деген құрмет пен жеңісті күнге жеткізген майдангерлер алдындағы қарызымызды ұмытпауымыз керек» деп мәлімдеді министр.
Шолушы: Айгерім Таубай