Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ 2018 жылы күндік өндірілетін мұнайдан рекорд жаңартпақшы, деп хабрлайды Қамшы ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
Мамыр айының соңында өзге де мұнай өндіруші елдер өз жұмысын біршама қысқартады. Ал АҚШ болса мұнай өндірудің көлемін арттырмақ. Жаңа рекорд орнату үшін жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі болды.
Егер қара алтынның құны $50 төмендемесе АҚШ 2018 жылы күніне 10 млн барр өндіреді деп жоспарлануда. Дәл осындай жолмен өздері 1970 жылы орнатқан рекордтан асып түспек. 1970 жылғы рекорд бойынша күніне 9,6 млн. барр өндірілген болса, 2016 жылғы көрсеткіш бойынша күндік өндіріс 9 млн. барр-дан төмен болатын. Ал 2017 жылы 9,3 млн барр-ға дейін өседі деп күтілуде.
Шолушы : Айгерім Таубай