Теңіз жағасынан ұзындығы 15 метр бейтаныс тіршілік иесі табылды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710062744512_small.jpg

Индонезия тұрғындары теңіз жағасынан  ұзындығы 15 метр бейтаныс тіршілік иесін тапты. Бейтаныс тіршілік иесінің қалдықтары Индонезияның қараусыз қалған жағалауында табылды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Ұзындығы 15 метрді құрайтын, ал ені 2 метр тіршілік иесінің қаңқасын жергілікті тұрғын Асрул Туанакота Серам аралының солтүстік жағалауынан тапқан. 37 жастағы Туанакотаның айтуы бойынша, бастапқыда белгісіз тіршілік иесін қайық деп ойлаған.

Біраз уақыт өткен соң белгісіз гиганттың табылған жеріне жергілікті тұрғындар жинала бастаған. Кейбір тұрғындардың ойынша бұл алып кальмардың немесе киттің қалдығы.

Жергілікті тұрғындар алып гиганттың мәйіті аралда қалмауын сұрап билік басындағыларға хабарласқан.

Шолушы : Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар