Оңтүстік Каролина (АҚШ) тұрғыны өзінің 6 жастағы баласын Аналар күнінде құттықтау қағазын сыйламағаны үшін соққыға жыққан. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
30 жастағы Шонтрелл Мерфидің үйіне келген полиция Мерфидің жылап отырған кәрі анасы мен екі ұлының үстінен түскен. Еденде жыртылып тасталған құттықтау қағазын көрген.
Үй тұрғындарының айтуы бойынша, Мерфи өз баласының құттықтау қағазын өзіне емес, апасына сыйлағанын білген кезде есінен алжаса жаздаған. 6 жастағы баласының апасына сыйлаған құттықтау қағазын жыртып лақтырып тастаған ол, баласын төпелей жөнелген. Мерфидің балалары полицияға бұрын-соңды да соққыға жиі жығылатындықтарын айтып берген.