Бұл жұмбақтың жауабы 50 жылға жуық уақыт бойы Норвегия жұртын мазалап келді. Ал енді жұмбақтың шешімі табылды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
1970 жылдың қараша айында Исладен жазығында отқа оранып көз жұмған әйелдің мәйіті табылған болатын.

Полиция қызметкерлері әйелдің өлімін зерттеуді бастайды. Істің барысында түрлі жасырылған хабарламалар мен жасанды құжаттар тағы да басқа күдікті айғақтар табылады. Алайда істің нүктесін қойып, нақты шешім шығара алмаған болатын.

46 жыл өткен соң Норвегияның полиция қызметкерлері мен NRK корпорациясының журналистері істі қайта қарауды ұсынады.
Бірінші дерек: белгісіз әйелдің мәйіті
1970 жылдың 29 қараша күні Исладен аймағында жанына екі қызын ерткен ер адам өртенген денені тапқан.

Мәйіт жұдырығын жұмған күйінде жанып кеткен.
Исладен аймағы жергілікті жердің тұрғындарының арасында «Өлім аңғары» деген атпен де белгілі. Орта ғасырларда адамдар өз-өздеріне қол салушылыққа көп бара бермейтін. Ал 1960 жылдары бірнеше саяхатшылар тұманда адасып көз жұмғаны тіркелген.

«Оқиға орны тіршіліктен біршама алыс аймақта орналасқан» деп мәлімдеген болатын оқиға орнына алғаш болып барған полиция заңгері Карл Халвор Аас өзінің сұхбатында.
Оның айтуынша есінде қатты күйген тәннің иісі қалыпты.
Күйік шалған әйелдің бет-бейнесін анықтау мүмкін емес болған.
Екінші айғақ: оқиға орнындағы заттар
Оқиға орнынан түрлі әшекей бұйымдар, сағат, сынған қолшатыр мен бірнеше бөтелке табылған. Ал осы заттардың қалай орналасып тұрғаны Тормода Бонесті қатты таңқалдырған.

Қол сағат пен әшекей бұйымдар әйелдің денесінде емес жанынан табылған.

Заттардың орналасуының өзінде бір өзгешелік болды. Белгілі бір рәсім сияқты көрінеді.

Оқиға орнынан полиция қызметкерлері резіңке аяқ киім мен шұлықты тапқан. Оның денесінде синтетикадан жасалған киім көп болған және барлығы да жанып кеткен.

Бөтелклердің сыртындағы суреттер өшірілген. Нақты айғақтың табылмауынан полиция қызметкерлері әйелдің кім екенін анықтай алмаған.
Сипаттама бойынша әйелдің бойы 164 см. 24-40 жас арасындағы қара шашты әйел деп болжам жасалған. Өлерінің алдында шасын ақ-көк түсті лентамен буып алған.

Есімі беймәлім әйел «Исладен аңғарындағы әйел» деген атпен танымал болып кетті.
Келесі айғақ : жол сөмкелері
Полиция қызметкерлері Берген вокзалының зат сақтау бөлімінен екі жол сөмке тапты. Екі сөмкенің ішінен көзілдірік, киім, бірнеше жасанды шаш, тарақ, боянатын заттар мен бірнеше ас қасық табылған. Және сөмкелердің белгісіз әйелге тиесілі екені анықталып отыр.

Қонақүйге орналасқан кезде Фенелла Лорх атты есіммен тіркелген. Қонақүйдегі мәліметтер бойынша әйел әр қонақ үйде әр түрлі есіммен тіркеліп отырған.
Белгісіз әйел 21 жастағы қонақүй қызметкерінің қызығушылығын тудырған.

Қонақүй қызметкерінің айтуынша, ол тек ағылшын тілінде ана емес неміс тілін де қолданған.

Жоба бойынша белгісіз әйел өзге елден келген тыңшы болған.

Ол кезде қан майдан жүріп жатқанын ескерсек, жан-жақтан келетін саяхатшылардың ішінде тыңшылардың болғаны анық.
NRK мәліметі бойынша, қауіпсіздің қызметіндегілер әйелдің әскери істі бақылағанын, Норвегияның батысында жаңа зымырандарды ұшыру кезінде сынақтан өткізу секілді хабарламаларға қызығушылық танытқанын мәлімдеді.
Алайда бұл айғақтарды ескере отырып Норвегия нақты шешім шығарған жоқ.
Полиция қызметкерлері әйелдің заттарыан табылған құпия сөзді жасырын қағаздың шешімін тапты. Бірақ бұл белгісіз әйелдің тыңшы болғанын айғақтамайды.

Қағазда әйелдің жүрген жолы мен аралаған мекендері жазылған. Мысалы, О22-О28 З – (22-28 қазан) ол Парижде болған. Парижден Ставангерге жолға шыққаны белгілі болса, О29S соның дәлелі.
Норвегияның құқық қорғау органдары әйелдің бейнесін әр елге жіберген, алайда ешкім танып-біліп хабарласпаған.
Мәйітті тексеру барысында әйелдің мойнынан соққы алғаны мәлім болған. Болжам бойынша, белгісіз әйелдің өлімі азапқа толы әрі ауыр болған. Өкпесіндегі түтіннен әйелдің отқа оранбай тұрған кезде тірі болғаны анықталып отыр. Әйелді өртеу үшін бензин қолданылғаны анықталған.
Мамандардың тексеру барысында әйел асқазанынан 50-70 дәріні ішкенін анықтаған. Дәрінің Fenemal атауымен шығарылғаны да белгілі болды. Алайда өлер алдында ол дәрі өз күшіне еніп , қанға жайылып үлгермеген.
Әйел дәріні мөлшерден тыс қолданғанынан және көміртегі тотығынан өлгені анықталып отыр.
Көпшілік бұл оқиғаны өзіне-өзі қол жұмсау деп санайды . Алайда өзін өлтіру үшін ешкім тұрмайтын, тіршілік аз мекенге барып отқа орануы Карл Халвор Аасты қол жұмсау екеніне сендіре алмаған.
Басқа деректер болмағандықтан әйелді 1971 жылы ақпан айында жер қойнына тапсырған. Әйелді католик дінінде болған деген болжам жасалған. Сол себепті католиктердің дәстүрі бойынша жерленген.

Белгісіз әйелдің туыстары табылады деген үмітпен суреттері жинастырылып сақтаулы тұр. Бұл оқиға біраз суретшілер мен жазушылардың басты тақырыбына да айналып үлгерген.
Бірақ 2016 жылы істі қайта қозғау үшін дереккөз табылған болатын.
Келесі бір дерек: әйелдің тісі.
Белгісіз әйелдің 14 тісіне пломба салынған. Бұл сол жастағы адамдар үшін біршама ерсі болатын.

Гисле Банг есімді стомотология саласының профессорының айтуынша, әйелдің тісін сақтап қою себебім , осы секілді тістер қайда жасалатындығын анықтау үшін деп жауап берген болатын.

Мәйіт табылған кезде әйелдің тісінен жаман иіс шыққандықтан лақтырып тасталды делінген болатын. Алайда соңғы жылдары тіс мамандардың қолына түскен. Профессор Морильдтің айтуынша, әйелдің жақ бөлігі Хоукленд университетінің сот архивтер жертөлесінен табылған.

Жаңа заманның дамыған технологиясын пайдалана отырып, Берген университетінің мамандары мен криминальды істер бойынша мамандар әйелдің бала күнде ішкен суының қай жерге тиесілі екеніне дейін анықтай алады.
Әйелдің іш құрылысын зерттей келе түрлі өрнектерге ұқсас белгілердің сақталып тұрғаны анықталды. Олар жүрек, өкпе бөліктерінен алынған.

Осы істің басы-қасында жүрген NRK телеканалыны зерттеу қорытындылары шыққанша оқиғаның мән-жайымен таныстырып деректі фильмді көрсеткен болатын. Бұл іске қызығушылығы оянғандардың саны 150-ден асып жатты.
Норвегияда болған істің мән-жайын ашуға талпынушылардың саны көп екенін мәлімдеді журналист Столе Хансен.
Анализдердің қорытындысы әйелдің еуропалық болғанын анықтады. Сол себепті Израиль мемлекетінің тыңшысы деген күдік біршама сейілген болатын.

Еуропалық полицейлер орталықтарына ДНҚ-ны тексеру үшін біршама мәлімет жіберілген.
Журналист Столе Хансеннің айтуы бойынша, әйелдің туыстары табылып жатса, бұл үлкен жетістік!
Дайындаған: Айгерім Таубай