Трамптың адвокатының қызы «жиіркенішті» суретін желіге жүктеді

/uploads/thumbnail/20170710064738899_small.jpg

 Дональд Трамптың жеке қорғаушысы Майкл Коэн  Twitter әлеуметтік желісіне  қызының ұятсыз суретін жүктеді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі vesti.ru-ға сілтеме жасап.

 Бұл жағдай желі қолданушыларның ашуына тиіп, біраз сынға ілікті.  Коэн қызы Самантаның суреттерін жүктей отырып, қызының сұлулығына тамсанатынын жеткізген болатын. Алайда желі қолданушылар бұл суреттерді «жиіркенішті» деп бағалады.

«Мен өз қызымды мақтан тұтамын. Ол ақылына көркі сай Эди Сэджевиктен кем түспейді » деп бағалап жазған болатын Коэн.  1971 жылы 28 жасында қайтыс болған сәнбике Энди Уорхолмен ұқсастығын да айтып өтті.

«АҚШ Президенті өзінің қызымен кездеседі, вице-президент өз әйелін «мама» деп атайды, ал Трамптың жеке қорғаушысы қызының ұятсыз суреттерін желіге жүктеуде»,-деп жазған болатын американдық Бонни Братнобер.

Желі қолданушысы Трамптың 2006 жылы берген сұхбатын тілге тиек етіп айтып өтті. Трамп Иванканың өз қызы болмағанда еш кедергісіз кездесетінін айтқан болатын. 

Дайындаған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар