Әкесі мен өгей шешесі соққыға жығылған қызын участкелік инспектордан жасыру үшін шкафқа тыққан деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Жеті жастағы қыз өз әкесімен Ақтөбе қаласына жақын орналасқан Құрайлы деген ауылда тұрған. Көршілердің айтуы бойынша, бала соңғы 9 айда, өгей анасы пайда болғаннан бастап өзгере бастаған екен. Кішкентай қызды күнде ұрып-соқан, аш қалдырған, бірнеше уақыт бойы бұрышқа тұрғызып азаптапты. Алдыңғы жұма күнінен бастап кішкентай қыз үйден мүлдем шықпаған, тіпті мектепке де бармаған.
Көршілері уайымдап участкелік инспекторды шақырған кезде қызды бірнеше жерден жарақаттанғанын білген. Кішкене қыздың әкесі мен өгей шешесі болған жағдайды ешкімнің білмесін деп қызды шкафқа жасырады. Ал полиция қызметкеріне қызымыз туыстарымыздың үйіне кетті деп өтірік айтқан.
Кейіннен қыздың әкесі қызын шкафқа жасырғанын мойындаған. Қызды ауруханаға жеткізіп, оның миы шайқалғандығын жіне тағы да басқа түрлі диагноз қойған. Қыздың айтуы бойынша, өгей шешесі біреуге болған оқиғаны айтушы болма деп қорқытқан екен. Қызды белбеумен де ұрыпты.
Оның анасы туылғаннан бастап қызынан бас тартқан көрінеді. 3 жасына дейін балалар үйін паналаған. Алайда белгілі себептермен әкесі балалар үйінен қызын алып кеткен. Көршілердің айтуы бойынша, өгей анасы келмей тұрған кезде қыз ашық мінезді болған екен.
Аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шолушы:Әсел Өтешова