Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, төрт жарым мың метр биіктіктен парашютпен секірген.
101 жастағы Вердун Хайес 4500 метр биіктіктен төрт баласы, немерелері шөберелерімен бірге секірген. Отбасы өкілдерінен басқа соғыс ардагерімен бірге оның жеке меншік дәрігері де секірген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Парашютпен секіргеннен соң ардагер мұншалықты керемет сезімді бастан өткермегелі көп болғанын айтқан. Екі минут бойы ауада қалқыған ол әлем рекордын жаңартқан. Осының алдындағы рекорд 101 жас пен 34 күн болған, ал Хайестің парашюттан секірген уақыттағы жасы 101 мен 37 күн болды.
Шолушы: Назерке МҰСА