Путин Сирияға қатысты жоспарын жария етті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме беріп
Владимир Путин Сирияда соғысты толық тоқтату керек дейді. Қанды атыс-шабысты доғару басты мақсат екенін атап өтті. Бұл туралы Ресей президенті Қытайдағы пресс-конференция барысында мәлімдеген.
Қауіпсіздік аумақтарды белгілеу мәселесіне келгенде атысты тоқтату режимін сақтау керек дейді президент. Бұл мәселе шешілмейінше, Сириядағы саяси процесстер туралы сөз қозғау мәнсіз екенін атап өтті.
Шолушы: Назерке МҰСА