Ойыннан от шығады. Жігітін қорқытамын деп көз жұмған қыздың оқиғасы

/uploads/thumbnail/20170710065450838_small.jpg

Ұлыбританиялық саяхатшы Таиландтағы қонақ үйлердің бірінде байқаусызда көз жұмды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

 26 жастағы Эбигейл Роулэн көпшіл әрі көңілді қыз болған. Өзінің жігіті Джеймс Бруммен кезекті ұрыстан кейін қонақүйге ашуланып оралған.  Ұрыстан кейін жігітін қорқытамын деп байқаусызда  асылып көз жұмды.

30 жастағы Джеймс  қызының көңілін көтеру үшін бөлмеге 3 сағаттан кейін оралған, бірақ тым кеш болған... Анасының айтуынша, Эбигейл ешқашан өзіне қол жұмсауға бармайды. Өмірге деген құштарлығы өзгелерден ерекше болғанын айтты.

Марқұмның анасы Джеймстің  қызына үнемі қамқорлық жасағанын айтты.  Екеуі үйленіп, отбасы болуды жоспарлап жүргендерін жеткізді .

Марқұмның ешқандай психикалық аурумен ауырмайтынын ескеріп, полиция істі байқаусызда орын алған қайғылы оқиға деген шешім шығарды.

Дайындаған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар