ЭКСПО қалашығында 2 ғимарат аяқталмай тұр

/uploads/thumbnail/20170710065840585_small.jpg

ЭКСПО қалашығындағы нысандар құрылысы 98 пайызға дайын, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі Хабар агенттігінің мәліметіне сүйеніп.

Бұл туралы ұлттық компанияның өкілдері мәлімдеді. Әзірге аяқталмай тұрғаны – 2 ғимарат.  Жоспар бойынша олар да көрме басталғанға дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ кешен аумағында өткізілетін ірі іс-шаралар жайы да белгілі болды.  Мәселен, маусымның 11-14 күндері министрлер конференциясы жоспарланған.

 Жиында 2030 жылға дейінгі энергияны үнемдеу мен зиянды қалдықтарды азайтудың әлемдік жоспары талқыланады.  

Болат Ақшолақов, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры:  -Министрлер конференциясына 50-ден астам мемлекет қатысады деп күтілуде. Оның ішінде жиырмаға жуығы – Энергетика министрлері мен вице-министрлер. Сонымен қатар халықаралық ұйымдардың 10 басшысы қатысады деп жоспарлап отырмыз. 

Шолушы : Айгерім Таубай
 

Қатысты Мақалалар