Президент мұрағаты өз қорында сақталған латын графикасындағы сирек құжаттарды жариялады

/uploads/thumbnail/20170710070053103_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жайын айтқан еді. Үкіметке жаңа әліпбиге көшудің нақты кестесін жасауды тапсырған.

Қазір бұл бағытта біраз шаруа қолға алынды. Әрине, ескі тәжірибеміз де ескеріледі.

Алматыдағы Президент Архиві өз қорында сақталған латын графикасындағы құжаттарды жариялады, деп хабарлайды Хабар арнасы. Құжат араб әліпбиінен латын графикасына ауысқан кезеңнен сыр шертеді. 9 ғасыр бойы Қазақстанда араб әліпбиі қолданылып келді. Тек 1929 жылы 7 тамызда «Біртұтас түркі алфавитін» енгузі туралы қаулы қабылданады. Ал 12 жылдан кейін қазақ жазуын кириллицаға ауыстыру туралы заң шықты.

«Бұл жерде құжаттармен қатар сол уақытта Қазақстан баспаларынан шыққан латын әліппесіндегі кітаптар бар. Көрнекті жазушымыз Мұхтар Әуезовтің Айтбай Хангелдиннің «Дударай» операсына жазған либреттосына берген пікірі, сыны осында келтірілген. Ол да латын әліппесімен жазылған болатын», – деді ҚР Президенті архивінің директоры Борис Жапаров.

Елбасы мақаласында латыншаға көшудің терең мәні бар екенін жеткізді.

«Бұл жаңа технологиялық ортаның, ғылым мен білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты».

Мемлекет 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуді жоспарлап отыр. Осы жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай нұсқасы қабылдануы тиіс. Ал 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандар мен орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындау қолға алынады. 

Шолушы:  Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар