10 жыл бойы жынысын жасырып келген әйел миллионер атанды

/uploads/thumbnail/20170710070308668_small.png

Африкалық тұрғын  Пилли Хусейн бағалы тастарды тауып алып бай әйелге айналған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Күйеуінен қашып кетіп Килиманджаро тауында тұрықтап қалған ол дәл осы тауда  өзінің сәтті қадамын жасаған.

Пили Хусейн алмаздан мың есе сирек кездесетін аса бағалы тасты іздеуге шығады. Шахтаға әйел адамдарды кіргізбейтіндіктен ол ер адамның киімін киіп он жыл бойы қасындағы жұмысшыларды алдап келген.

Бала кезімнен бастап ұл секілді өскенін айтқан Пилли әкесі де оған ұл бала ретінде қарағанын жеткізген. Маған мұндай өмір тозақ болып көрінетін дейді әйел.

Тұрмыс құрған соң тіпті жағдайы нашарлаған әйел күйеуінен қашып жұмыс іздейді. Осы кезде Танзаниядағы Мерелани қаласына жолы түседі. Килиманджаро  мекені -көк түсті танзанит бағалы тасы кездесетін жалғыз жер.

Шахтада 10–12 сағат бойы жұмыс істеп  ерекше тасты іздеген екен. Арада бір жыл өткен соң танзанит тастарын тауып бірден бай әйел болып шыға келген. Осыдан кейін әкесіне, екі сіңілісіне үй сатып алып берген. Шахтерлерді жұмысқа алып құрал-жабдықтар сатып алған. Пиллидің ер адам екенін тек шахтерлердің бірі тұрғын әйелдердің бірін зорлағаны туралы белгілі болғанда ер адам болып жүрген әйелдің шындығы ашылған. Алайда жұмысшылар мен жергілікті тұрғындар көп уақытқа дейін бұл жаңалыққа сене алмаған.

Бүгінгі күні Пиллидің бағалы тастармен айналысатын компаниясы бар. Онда  70  қызметкер жұмыс істейді. 

 

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар