Ғалымдар жер ғаламшарындағы қоқыс астанасын тапты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Хендерсон аралында (британ территориясына кіреді) Питкэрн аралы аймағында 37,7 миллион бірлік қоқыс табылған. Оның ішінде: пластикалық заттар, от тұтатқыштар, тіс щеткалары, балық аулау құралдары және т.б заттар табылған. Аралдың аумағы тек 32 шаршы метр екен.
Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, Хендерсон аралы мұхит жағалауында орналасқан. Оған Оңтүстік Америкадан келетін кемелердің қоқыстары түседі. Есептеулерге сүйенсек, мұнда 17 тонна қоқыс бары анықталған.
ЮНЕСКО бұл аралды ерекше экологиялы маржанды аралға жатқызған. Зерттеушілердің айтуына қарағанда әлемдегі кез-келген арал адам қолынан жасалған қоқыс қалдықтары салдарынан зардап шегеді.
Шолушы: Назерке МҰСА