Әлемдегі ең қауіпті мамандықтар тізімінде журналистер қауымы да бар екені белгілі. Солай болуға себеп те, негіз де бар. Статистикаға сүйенсек, әлемде жыл сайын жүздеген журналистер қаза тауып жатады. Көпшілігі арнайы, қасақана өліммен өледі. БАҚ өкілі демократия мен сөз бостандығы ұғымдарының символы, жаршысы. Алайда дәл осы сөз бостандығы жолында қыршыннан кетіп жатқандар үшін ешкім жауап бермейтіні көңілге қаяу түсіреді.
Әлемдегі ең қауіпті елдердің бірі –Мексика. Жергілікті БАҚ өкілдері үшін де бұл ел жала мен өтіріктің, зорлық пен зомбылықтың отаны. Ал ең үлкен дерт-есірткі. Осы жылдың өзінде Мексикада 11 БАҚ өкілі өлтірілген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Жақында мексикалық танымал журналист, жазушы Хавьер Вальдесті атып өлтірген. «Наркожурналистика» атты кітабын жарыққа шығарған ол 50 жасқа дейінгі өмірін осы мәселеге арнаған.
«Журналист болу- әрдайым қара тізімде жүру» дейді ол. «Сен оқ тимейтін киім киіп алып қасыңда оққағарларың бар болса да, банда сені қай күні өлтіретінін өзі шешеді»-деген екен марқұм журналист. Осы жылы өлтірілген журналистердің алтыншысы болған екен.
«Синалоа»- есірткімен айналысатын әлемдегі ең үлкен банда. Мексикадан АҚШ-қа есірткі жеткізумен айналысатын басты ұйым. Есірткіге қарсы күресті насихаттаумен, осымен айналысатын ұйымдарды ұстап берумен айналысқан мексикалық журналситер өміріне үлкен қауіп төнеді.
Шолушы: Назерке МҰСА