Пуэрто-Рикодан Флоридаға бара жатқан кезде MU-2B ұшағы Бермуд үштағаны аймағында жоғалып кетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі news.rambler.ru-ға сілтеме жасай отырып. Аталған ұшақ дүйсенбі күні сағат 11:00 де Пуэрто-Рикодан ұшып кеткен. 3 сағаттан кейін ұшақпен байланыс үзіліп кетіпті.
Жоғалған ұшақта 2 ересек адам мен 2 кішкентай бала болған. Ұшақ 7000 метр биіктікке көтерілгеннен кейін байланыс үзілген.
Кейіннен Эльютер аралынан 60 шақырым жерден белгісіз ұшақтың сынықтары табылған.
Қазір осы оқиға бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шолушы: Әсел Өтешова