Алматы облысында су тасқыны болуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170710070829438_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының өзендерінде су тасқыны, беткейлік ағын пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17-18 мамыр аралығында болжанып отырған жаңбырға, кей жерлерде күшті күтілуіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының өзендерінде су тасқыны, беткейлік ағын пайда болуы күтіледі», - делінген хабарламада.

Синоптиктер осыған дейін 17 мамырда жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. 

Қатысты Мақалалар