Әбдіқалықова «Әл-Фейсал: Әділдік және батылдық жолы» атты көрменің ашылуына қатысты

/uploads/thumbnail/20170710071541085_small.jpg

2017 жылғы 18 мамырда ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова ҚР Ұлттық музейінде Сауд Арабиясының Королі Фейсал ибн Абдул-Әзиз әл-Саудтың өмірі мен қызметіне арналған «Әл-Фейсал: Әділдік және батылдық жолы» атты көрменің ашылуына қатысты.

Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы – Король Фейсал атындағы Исламды зерттеулер орталығы. Ол 1983 жылы әлемдік тарихта Исламның орны мен рөлін зерделеу, ислам құндылықтарын, мұсылман мәдениеті мен өнерін ілгерілету мақсатында құрылған және аталған елдегі ірі ғылыми және мәдени-білім беру орталықтарының бірі болып табылады.

Көрменің ресми ашылу салтанатына  сондай-ақ ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісі, Король Фейсал атындағы Исламды зерттеулер орталығының басқарма төрағасы, ханзада Түрки әл-Фейсал әл-Сауд, Фейсал орталығының ауқымды делегациясы, Қазақстандағы Сауд Арабиясы Корольдігі елшілігінің, көпшілік және БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және ханзада Түрки әл-Фейсал әл-Сауд құттықтау сөз сөйледі.

Сөз сөйлеушілер мұндай көрме ТМД бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. Экспозиция сауд қоғамы өмірінің барлық саласына ықпал еткен ауқымды реформаларды бастап берген Корол Фейсал басқарған (1964-1975 жж.) Сауд Арабиясының өткен кезеңіне арналады.

Көрмеде сирек кездесетін тарихи жәдігерлер және Корол Фейсалдың жеке заттары: суық қару түрлері, наградалары, архивтік құжаттар, фотографиялар және басқалары таныстырылды.

Іс-шара барысында сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Әл-Фейсал: Әділдік және батылдық жолы» атты кітап көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шара барысында сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Әл-Фейсал: Әділдік және батылдық жолы» атты кітап көпшілік назарына ұсынылды.

Қатысты Мақалалар