28 жастағы британиялық Наташа Гент жүктіліктің жиырмасыншы аптасында ултьрадыбысты тексеруден өткен. Болашақ ана тексеру барысында ерекше сұлбаны байқайды. Дәрігерлердің көмегімен ерекшеліктің не екені анықталды. Анасының ай-күні жеткенде сәби "шашпен" дүниеге келген, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Босанғаннан соң сәбиді көрген анасы таң-тамаша күйге бөленген.
Сәбидің шашпен дүниеге келуінің өзі бір тылсым күш екені анық. Төменде қалың әрі ұзын шашты 4 айлық сәбидің суреті.

Бұл жағдай жас сәбилердің арасында сирек кездеседі.
Бүгінде ерекше болып дүниеге келген Холли ата-анасымен бірге бақытты отбасыда өмір сүруде.

Дайындаған: Айгерім Таубай