Украинаның Черкасск облысында аңшы байқаусызда 3 жастағы баланы атып жіберді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі segodnya.ua-ға сілтеме жасай отырып.
«3 жастағы бала сыртта ойнап жүрген болатын. Сырттан мылтықтың даусы естілгенде анасы сыртқа жүгіріп шығып балаға қарасы, баласы жарақат алған екен»,- дейді полиция қызметкері.
Аңшы 3 жастағы баланың көршісі болып шықты. Аңшы түлкіні көздеп тұрған кезде, оқ балаға тиіп кеткен.
Қазіргі уақытта аңшының мылтығын полиция қызметкерлері тәркілеп жатыр. Украинаның Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4 тармағы бойынша аңшыны 7 жылға сотталуы мүмкін.
Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН