Үндістанда алғаш рет 10 жастағы қызға түсік жасатуға рұқсат етілді

/uploads/thumbnail/20170710071709993_small.png

Үндістан - балалар зорлығы бойынша әлемде бірінші орында тұрған мемлекет. 2015 жылдың өзінде 10,000 –нан аса бала зорлыққтың құрбаны болған. Және бұл тек ресми статистика.

10 жастағы зорлықтың құрбаны болған  қыздың оқиғасы қоғамда үлкен резонанас  тудырды. Өз өгей әкесінің құрбаны болған ол қазір жүктіліктің 5-айында болса да дәрігерлер оған жасанды түсік жасауға дайын деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Қылмыскер қамауға алынды. Ал қыз болса сараптамадан өтті. Үндістан заңдары бойынша жүктіліктің 20 –аптасына дейін түсік жасатуға рұқсат етіледі. Ал бұл қызға түсік жасатуға рұқсат сот шешімі қабылдаған. Дәрігерлердің кеңесіне сүйенген сот ота жасауға рұқсат еткен.

Харьяна штатының тұрғыны 10 жастағы қыздың оқиғасы жалғыз оқиға емес. Зорлық құрбандарының ресми статистикасы шынайы статистика санынан екі есе көп. Себебі көпшілік зорлық құрбандары бастан өтке сұмдықтары туралы жақ ашпай, бұл мәселе жабулы қазан күйінде қала береді. 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар