Жезөкшелер Ел бюджетін 2 млн-ға толтыруы тиіс

/uploads/thumbnail/20170710071801546_small.jpg

Алматыда Түркісіб ауданының полиция қызметкерлері жеңіл жүріспен айналысатын 193 қызға айыппұл салды. Айыппұл көлемі  2 млн. теңгені  құрап отыр, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі жергілікті жердің Ішкі Істер Басқармасының мәліметіне сүйеніп.

Жеңіл жүрісті қыздардың өз істерімен айналысатын орындары белгілі болды.  39 пәтер мен 8 қонақүй анықталды.

«Жергілікті жердің полиция қызметкерлері кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексерудің алғашқы сағатынан-ақ  жезөкшелікпен айналысатын 40 қыз ұсталып, Ішкі Істер Басқармасына тапсырылды. Сол түні біздің басты назарымызда Сейфуллин даңғылы болды. Сейфуллин даңғылының бойындағы «Нұр» қонақүйінде түнгі өмір қызып жатқан.  Көлік жуу орталығының бірінші қабатындағы бөлмелер мен қыздарға үнемі жалға берілетін пәтерлер анықталды . Қыздардың жезөкшелікпен айналысуы үшін арнайы салынған  жекеменшік үйлер де белгілі болды. Бұл жерлер сот шешімі бойынша жабылады», деп мәлімдеді Түркісіб ауданы Ішкі Істер Басқармасының жергілікті полиция бастығы Фархат Сбанбаев.

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар