Фотожұмбақ. Желідегілер артық қолдың қайдан пайда болғанын таба алмай дал болды

/uploads/thumbnail/20170710071846693_small.jpg

Балалар біз ойлағаннан да көп нәрсені байқайды. Кейде ересектерге шешімі жоқ болып көрінген мәселеде балалар зеректік танытады. Жылдам анализ жасап, шешім шығаруға бейімдеу келеді. Мұның басты себебі, балалардың эмоцияға көбірек берілетіні. Сондықтан олар кез келген жағдайды ересектерден өзгеше қабылдайды.

Ересектердің үнемі бір мәселемен бас ауыртып жүретіні белгілі. Біресе жұмыс, біресе мансап, отбасылық өмір, қамқорлық, күтім мен ақша болып жалғасып кете береді. Қуанышымызға орай, балалар көп нәрсеге бас ауырта бермейді.

Жақында ғаламторда бір сурет пайда болды. Белгісіз себептермен сурет түрлі әлеуметтік желілерде жариялана бастады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Суреттен отбасының бес мүшесін көреміз. Олар жай ғана күлімсіреп бақтағы орындықта отыр.

Егер сіз суретке қарағаннан көзіңіз ауырса, сізге бір құпияны ашайық: отбасы мүшелерінің қолдарына анықтап қараңыз. Дұрысы оларды санап шығыңыз. Анасы жас сәбиін екі қолымен ұстап отыр. Ал үлкен қызының екі қолы да тізесінің үстінде. Ал кішкентай қызды кім ұстап отыр?

Көпшілігі бұл суретті бір қарағанда қорқынышқа толы дүниені байқамады. Алайда суреттегі қол елеске тиесілі ме деген үлкен сұрақ туындағаны анық.

Дайындаған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар