Мексикалықтар ресейлік азаматтың үйіне шабуылдап оны өлтіре жаздады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710073942649_small.jpg

Ресейлік азаматты Мексикада жазаламақшы болып өлтіре жаздады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Алексей Макеев Мексиканың Канун қаласында бір топ мексикалықтардың шабуылы астында қалды. Ол  мексикалық тұрғындар туралы өзінің теріс пікірлерін білдіріп оларға тіл тигізген, кемсіткен  бірқатар видеолар түсіріп ғаламторға жариялаған. Оның мексикалықтардың ашуына тию себебі –бір азаматты пышақпен жаралаған. Маккеев қайтыс болды деген ақпарат осыған дейін таралғанымен, оның жалғандығы анықталды.

Ғаламторда таралған  видеода бір топ мексикалықтардың Макеевтің үйінеің алдына келіп біраз уақыт бойы шабуылдамай кідіргендерін көруге болады. Содан кейін ғана бір мексикалықтың жараланғанын естіген жұрт оған тап берген.

Мехикодағы Ресей елшісі Алексей Макеев туралы бағдарлама түсірілгендігін, оның ақыл-есінің дұрыс еместігін жеткізген. «Сонымен бірге арнайы ауруханаларда емделлгендіігін, өзінің қандас ресейліктерге де тіл тигізіп үнемі кемсітетін» -дейді елші.

Қазіргі уақыттағы Макеевтің жағдайы белгісіз.

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар