ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВ АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ РЕКС ТИЛЛЕРСОНМЕН КЕЗДЕСКЕН

/uploads/thumbnail/20170710074542887_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы, Эр-Рияд қаласында «АҚШ – Ислам әлемі» саммиті барысында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуде Қазақстан Президенті мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оның кейбір аспектілерін дамыту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Тиллерсон мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимыл көптеген бағыттар бойынша дамудың жаңа сапалы деңгейіне көтерілетініне сенім білдірді.

Қатысты Мақалалар