Қарапайым мысық- итальяндық ек әйелдің бір-бірімен соттасуының себебі болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Жергілікті басылымдардың жазуынша мысық екі жыл бойы бір әйелдің үйінде тұрып келіп оның көршісінің де сүйікті үй жануарына айналған. 4 жастағы мысық екі түрлі Бантик пен Текила есімдерімен екі әйелдің үйінде тұрып келген. Өзінің иесінің үйінде күндіз болса, түнде көршісінің үйінде тұрақтаған. Екінші әйел басқа жерге көшпек болып мысықты өзімен бірге ала кетпекші болған. Содан барып бірінші әйел мысығын ұрлады деп екінші әйелді сотқа берген. Сот мысықты бірінші әйелге қалдыруға шешім шығарған.
Алайда көрші әйел өз есесін жібергісі келмей, аппеляциялық арызбен сотқа шағымданған. Мысықтың бірінші әйелге тиесілі екенін дәлелдейтін айғақ болмағандықтан, сот оны екінші әйелге, яғни көршісіне беруді жөн көрді.
Алайда екі әйел бір-бірімен әлі де келісімге келер емес.
Шолушы: Назерке МҰСА