Қазақстан мұсылмандар одағы Дональд Трамптың әйеліне тақия сыйлады

/uploads/thumbnail/20170710074733513_small.jpg

Мұсылман мемлекеттеріне  Батыс елдерінің саясаткерлері іс-сапармен жиі келіп жатады. Мұсылман мемлекеттеріне келген Батыс елдерінің саясаткер әйелдері киім кию жағынан біршама қиындықтарға, ыңғайсыздыққа тап болып жатады.  Ислам дәстүріне сәйкес нәзік жандылар көпшілік алдына орамалсыз, бас киімсіз шығуына болмайды. Өзге мәдениет өкілдерінің Ислам елдерінде келіп орамалсыз көпшілік алдына шығуы – сол елдің мәдениетін сақтамау болып табылады.

Қазақстан мұсылмандар одағы бұл келеңсіздіктен шығудың жолын тапты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Қазақстан мұсылмандар одағының мәліметіне сүйеніп.

«Қазақстанға келген шет елдің нәзік жанды саясаткерлерге  қазақы тақияны ұсынды. Аталған бас киім әр түрлі мәдениет өкілдерін  біріктіретіні сөзсіз. Тақия- адам сұлулығын жасырмайды және өзге елдің мәдениетін сақтамады деген сөзге де қалдырмайды. Тақия- орамалдың жаңарған түрі» деп мәлімделді.

Қазақстан мұсылмандар одағы басшылығы Дональд Трамптың әйелі мен қызына, Германия канцлері Ангела Меркельге, Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэйге тақия жіберіп, мұсылман мемлекеттеріне жасаған сапарларында киюді ұсынды.

Шолушы : Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар