Жер шарындағы ең биік шың Эверестте үш альпинист қаза тауып, біреуі жоғалып кетті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдайға таулы аймақтағы ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Марқұмдардың мәйіті күн райы жақсарған соң ғана табылды.
Жазымға ұшыраған спортшылар – АҚШ, Словакия және Австралия азаматтары. «Вашингтон пост» мәліметіне қарағанда, жоғалып кеткен альпинист – үндістандық азамат. Марқұм америкалық Роланд Иарвуд бұған дейін 2015 жылы Эверест биігін бағындырған. Ол кезде қар көшкініне тап болып, апаттан аман қалған Роланд осы жолы ажалдан құтыла алмады. Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең биік шыңды еңсеру жолында 250-ден астам адам қаза тапқан.
Шолушы: Айгерім Таубай