Қытайда үйінде жалғыз қалған 5 жасар бала әкесіне тиесілі ақшаны тауып алып, жалпы сомасы 500 мың юаньдық купюраларды әп-сәтте жыртып тастаған.
Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Sohu.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл қаражат шамамен 10 мыңға жуық АҚШ долларын құрайды. Ал жергілікті банктер жыртылған купюраларды жаңасына ауыстырып беруден бас тартқан. Оның басты себебі, қағаз ақшаның барлығы жыртылып қалған. Жақын маңдағы банктердің барығына жыртылған қағаз ақшамен барған Гаоның әрекеті өз нәтижесін бермеді.
Оқиға Циндао қаласына қарасты Шаньдун провинциясында 20 мамыр күні болған.
Банк қызметкерлері ақшаның жыртылғанына байланысты айырбастаудан бас тартқан. Гао алдымен жыртық 100 юаньдық ақшаларды желімдеп біріктірмек болған. Бірнеше уақыттан кейін бұл ойының іс жүзінде мүмкін болмайтындығын түсінген. Себебі купюралардың көбі жартылай емес, 5-6 бөлікке айырылған болып шықты. Ал ақшаның негізгі бөлігі бірнеше ұсақ бөлікке жыртылып, бұл аз дегендей, бәрі араласып шатасып кеткен екен.
Нәтижесінде Гао банкноттардың тек санаулы бөлігін ғана қалпына келтіре алған.
Ер адам баласының әдейі жасамағанын және ұлын бұл әрекеті үшін қатты жазаламайтынын айтты.
Шолушы: Айгерім Таубай