Сенат депутаттары сайлауына 92 млн. теңге бөлінді

/uploads/thumbnail/20170710080333684_small.jpg

Елімізде 28 маусымда өтетін Парламент Сенаты депутаттарын сайлауға республикалық бюджеттен 92 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі khabar.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл қаржы кандидаттардың теледидар мен радио, баспасөзде ақпараттық насихат бағдарламасын баяндауға және сайлауалды іс-шараларын өткізуге жұмсалады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кеңесінде айтылды.

Сенат депутаттарын сайлауда шетелдік БАҚ өкілдері мен халықаралық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру сөз болды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев екіжақты байланыс орнаған шет елдердің тиісті органдарына шақыру хаттары жіберілгенін айтты.

  Марат Сәрсембаев, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі: - Шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне бір аудармашы өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде ілесіп жүре алады. Екінші тармақ: шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының қоса беріліп отырған сауалнамасының мәтіні бекітілсін. Үшінші тармақ: шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу 2017 жылғы 12 маусымда аяқталсын.

Шолушы: Айгерім Таубай
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар