Бүгін «Алтын адамды» тапқан көрнекі археолог Кемел Ақышевтің туған күні

/uploads/thumbnail/20170710080405840_small.jpg

 Осы күні 1924 жылдың 23 мамырында қазақтың көрнекі археологы Кемел Ақышев дүниеге келді.

Кемел Ақышев тұтас Еуразия кеңістігіне әлемге мәшһүр болып отырған «Алтын адамды» тапқан археолог ретінде танылды. Ол әр жылдары Бесшатыр, Отырар қорымдары мен ежелгі және орта ғасыр мәдениетіне қатысты ескерткіштердің қазба жұмыстарына жетекшілік еткен.

Оның жетекшілігімен Астанадан 5 шақырым жерде, Бұзықты өзенінің Шығыс жағалауында орналасқан Бозоқ қалашығы табылды .

К. Ақышев 200 ғылыми еңбек пен 15 кітаптың авторы. «Құрмет», «Жеңіс», «Парасат» ордендерінің иегері. Оның есімі Қазақстанның Алтын құрмет кітабына енгізілген. Ол Қазақтсан ғылымына ғана емес, адамзат ғылымна ұлкен үлес қосты.  

2014 жылдың 2 қазан күні Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Кемел Ақышевтің құрметіне музей-кабинеті ашылды.

Шолушы: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар