Қазақстандық 20 жасар теннисші Зарина Дияс WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) рейтингінде 37-орыннан 34-орынға көтерілді. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Зарина Диястың еншісінде қазір 1440 ұпай бар. Бұл Зарина Диястың 2015 жылдың қаңтар айында өтетін Австралия ашық чемпионатына бірден қатысуына мүмкіндік береді. WTA-ның келесі рейтингі 20-қазанда жарияланады.
Қамшы-ақпарат