Жапонияда бір апта бойындағы ыстықтан 1000-ға жуық адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап. Зарап шеккендердің көпшілігі 65 жастан асқандар. Зардап шеккендердің көпшілігі Токио, Саитама, Канагава, Осака аумақтарының тұрғындары екен. Жапонияның метеорологиялық агенттігінің мәліметінше аптап ыстық елде әлі біраз уақытқа дейін сақталады. Температура күрт көтерілгендіктен метеорологтар біраз уақыт бойы тұрғындарға далада көп жүрмеуге, кондиционерлерді қолдануға, су көбірек ішуге шақыруда.
Шолушы: Назерке МҰСА
Пікір қалдыру