Өскеменде 2 жастағы бала 4-қабаттан құлап түсті

/uploads/thumbnail/20170710081157881_small.jpg

Оқиғадан кейін бала Ана мен бала орталығына жеткізілді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі kazvesti.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Төтенше жағдай Өскемен қаласы Қабанбай батыр көшесінде орын алған. Полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша, 2 жастағы бала 4 қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап түскен. Оның қазіргі жағдайы тым ауыр екен. Осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.   

Шолушы: Әсел Өтешова

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар