Алматыда Paradise асханаларының бірі өртеніп, оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде, деп хабарлады куәгерлер Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оқиғаны көзімен көргендердің сөзіне сүйенетін болсақ, Тұрғыт Озал көшесіндегі асхана ашық жалынға оранған. Өрт жақын орналасқан жеке тұрғын үйді де шарпыпты.
Зардап шеккендер мен өртену аумағы туралы ақпарат әзірше жоқ. Оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру жасағы жұмыс істеуде.