Sony Music-тің бас продюсері Димашты туған күнімен құттықтады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710082814013_small.png

Кеше Димаштың туған күні болды. Оны әлемнің түкпір-түкпірінен халық құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатты. Оның ішінде әлемге танылған белгілі адамдар да бар. Кеше түнде жұлдызды құттықтаулар қоржынын тағы бір адам толықтырыпты. Бұл туралы Димаштың досы әрі әкімшісі Алпамыс Шәрімов өзінің инстаграм парақшасында жариялады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

"Лос-Анджелестен келген бұл құттықтаудың орны ерекше?! Бұл кім дейсіздер ғой? Атақты, Джеймс Кэмерон түсірген "Титаник" фильміндегі "My Heart Will Go on" әнінің авторы, екі мәрте Грэмми сыйлығының иегері, Уитни Хьюстон, Мэрайи Кэри, Селин Дион, Дэвид Фостер т.б әлемдік мықтылармен серіктес болып, көптеген xит әндерді жазған, атышулы Sony Music-тің бас продюсері, Голливудтың танымал өкілі Уолтер Афанасьефф мырза! Мұндай тұлғаларды Мықтылардың мықтысы деуге болады!" деп жазды Алпамыс.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет 

 

Қатысты Мақалалар