Қазан айының оныншы жұлдызында Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасы мен С.Д.Асфендияров атындағы қазақ Ұлттық медицина университетінің ұйымдастырумен Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан С.Асфендияровтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ер есімі ел есінде» және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапхана қорынан «Алаштың ардағы» атты көрме ұйымдастырылды. Кешті Ұлттық кітапхананың Бас директорының бірінші орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты. Аталмыш шараның модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Интелект Орда» Халықаралық әлеуметтік–гуманитарлық зерттеулері ықпалдастыру институның Бас директоры Мәжитов Саттар Фазылұлы болды. Сондай-ақ, Ұлттық медицина университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы,профессоры Ақанов Айқан Ақанұлы қатысты. Кеште С,Д.Асфендияровтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде «История изучения жизни и деятельности Санжара Асфендиярова» атты баяндаманы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, докторант, санжартанушы Жүнісбаев Алмас оқыды. Ұлттық медицина университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Ж.Г.Мұстафина, Ұлттық медицина университетінің әскери дайындық кафедрасының полковнигі М.К.Шушбаев, Ұлттық медицина университетінің түлегі Құнанбаев Қуаныш сөз сөйледі. Шара соңы Санжар Асфендияровтың өмірі туралы сирек кездесетін мәлімметтермен қамтылған фильм көрсетіліп, Ұлттық университетінің студенті Олжас Месов композитор Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындылады.
Ақтолқын Тажикова
