«Мен құдайға сенемін, бірақ атеистпін»... (өмірде болған оқиға желісімен)

/uploads/thumbnail/20170710083456087_small.jpg

Адам құдайға сенсе де, сенбесе де өз еркі. Оны белгілі бір дінді ұстануға ешкім, ешқашан мәжбүрлей алмайды. Себебі ол адамның өз еркімен, қалауымен болатын дүние.

Қоғамда атеистер де, дінді берік ұстанатындар да  бар. Осы екі топтың арасындағы  талай дау дамайға, қызу пікір таласқа куә болып жатамыз. Атеистердің құдайға сенбегендіктен жеккөрінішті болып жатады. Ал атеистер құдайдың бар екеніне кәміл сенетіндерді аңқау, өмірге реалистік көзқараспен қарамайтын адамдар ретінде қабылдайды, сол үшін кінәлайды. Екі ұстанымдағы, түрлі көзқарастағы адамдар бір қоғамда өмір сүріп жатыр.

Ислам дінін ұстанушылар қасиетті Құран кәрім негізінде өздерінің сенімдерін дәлелдейді, ал христиандар Библияны алға тартады және  т.с.с одан басқа да әлемде сансыз көп сенімдер мен секталар толып жатыр.

Атеистерге келетін болсақ, оларды тікелей құдайды жоққа шығарушылар деп қарастырамыз. Дінді де, жаратушыны да мойындамайтын «құдайдан қорықпағаннан қорық» деп атам қазақ айтпақшы тіпті, қорқыныш ұялататын адамдар  ретінде көреміз. Алайда, атеистердің кейбірі өздерінің сенімдерін ғылым арқылы негіздейді. Иә, оларда да сенім бар. Ол сенім - ғылым деп аталады. Атеистердің көбі ғалымдар, жоғары дәрежелеі профессорлар екен. Алайда олардың көзқарастары көбіне қарапайым адамдардың пікіріне кереғар болатыны жасырын емес.

Аса «бағалы» сапар

Жақында Ольга Светлова есімді блогердің осыдан біраз жыл бұрын жариялаған блог жазбасына көзім түсті. Онда әйел өзінің жұбайының Израильге сапары туралы әңгіме өрбіткен.

Израильге сапары барысында Ольганың жұбайы мен оның досы  қасиетті «Әл Ақса» мешіті, «Жылау қабырғалары» және т.б киелі орындарға барып дұға жасап, тілек тілемекші ниетпен сапарға аттанып жол жүрген.  Сапар барысында олармен бірге гидте ілесіп барған. Гид боламын деп ұсыныс жасаған жігіт көрінген жерден кәдесый, естелік заттар, діни атрибуттарды сатып алмаңдар деп ескерту жасаған. Өте арзан бағада заттар сататын басқа жер тауып беремін деп уәде еткен. Алайда гидтің ұсынысына келісеміз деп керісінше үш есе қымбатқа ұрынып қалғандарын екі жігіт кейін білген.

   «Қасиетті жерлерге дейін өзім апарып кіргізіп жіберемін» деген жігіт киелі жердің кіре берісінде отырған адамға қомақты соммадағы ақша тастауды ұсынған. Әйтпесе кіргізе алмайтынын ескерткен.

-«Гид жігіт көзден таса болған уақытта оның әлгі кіре берістегі адаммен сыбырласып сөйлесіп тұрғанын естіп қалдық- дейді. Ақша жағын келісіп, бөлісіп жатыр-ау» деп топшыладық.

«Байқап қарасақ, ғибадатхананың басқа жағында көптеген саудагерлер   мен туристер құраған көпшілік   базар секілді жерде жиналып тұр екен. Сөйтсек ол арзан базар екен. Біз сатып алған қымбат кәдесыйлар мен атрибуттар бұл жерде өте арзан сатылады.

 «Ғибатхана - киелі, қалғанының бәрі –бизнес»-деген қорытындыға келдік. «Жылау қабырғасына»  барғанда дұға жасап тұрған көпшілікті көріп таңқалдық.  Сөйтіп тұрған уақытта діни қызметкерлердің бірі бізге жақындап әлдене туралы сендіруге тырысып сөйлей бастады. Мәселенің ақшада екенін түсіндік.

Бизнес көзі

«Киелі жер ғой» деп құрбандық жасалуы тиісті  дедік те  ақша тастадық. Арада көп уақыт өтпей тағы бір екі адам келіп тағы бір нәрсе туралы бізді сендіре бастады. Олардан полиция шақыртамыз деп жатып әрең бас сауғалаттық. Ең аяғы «Әл Ақса» мешітіне келгенде тағы бір гид бізді жеткізіп, кіргізбекші болды. Мешіт территориясында  діни қызметкерлер дұға оқып беруді ұсынды, әрине тегін емес.  Мешіт ішіне кіріп шыққан соң гид мырза бізге Израильмен күрес үшін құрбандық жасауды сұрады. Ол ақша не мақсатта жұмсалады деген сұраққа, еврейлерді өлтіреміз деп ашығын айтты. «Кісі өлтіртуге ақша бермейміз» деп кесіп айтқанымыз сол еді,  гид тапжылмастан сол мезетте тірі және  қайтыс болған жақындарымызға бағыштап  дұға оқытып беруді ұсынды, біз бір-бірімізге қарадық та оған да ақша төлеуіміз керек екенін түсіндік.  Енді шыға берейін десек, «Сіздерді шығармайды, пропусксыз кірдіңіздер»,- деп сала берді. Мұндайадам нанғысыз талауға тап болған біз, бұл жолы таңқалған да жоқпыз.  1 күн ішінде банкротқа ұшырап, ақыры мынадай қорытындыға келдік: діни  салт жоралар адамдарды -манипуляциялау жолы. "Мен құдайға сенемін, бірақ атеистпін..." дейді жігіт. "Дін  мен сенімді шатастырмау қажет, екеуі екі түрлі нәрсе"-дейді ол.

Қазіргі таңда, сенуші бірақ атеистерді де көтеп кездестіруге болады екен. Парадокс болып көрінгенімен, шындық. Үлкен ниетпен ораза тұтып, соңында бірден  ішімдікке салынып кететіндер немесе шіркеуге кіріп дұға жасап, шыққан соң басқаша іс әрекеттер жасайтындар аз емес.  Сонда олар өз діндеріне, өз сенімдеріне қарсы шығып, қағидаларын бұзып отырған жоқ па? Алайда оларды атеистер қатарына жатқызу да қиын. Олар сенушілер емес, жаратушымен келісімге келгісі келетіндер. Жасарын жасап алып, кешірім сұрайтындар. Мұндай адамдар сенім мен дінді ажырата алмайды. Сенім- мәңгілік процесс емес пе? 

 

 

Автор: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар