ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұжымына жаңа директор Ерлан Қаринды таныстырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ерлан Қарин бұл қызметке Мемлекет басшысының ұсынуымен тағайындалған.
Е.Қарин бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі және «Нұр Отан» партиясының хатшысы лауазымдарын атқарған болатын.
Қамшы-ақпарат