Алматы кәсіпкерлікті дамытуға ең қолайлы қала атанды

/uploads/thumbnail/20170710103156534_small.jpg

Алматы бизнес жүргізуге ең қолайлы қала болып тіркелді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. Бұл Дүниежүзілік банк тобының жасаған Қазақстанда бизнес жүргізудің субұлттық рейтингісінің нәтижесі.

Аймақтардағы кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесі төрт негізгі көрсеткіш бойынша бағаланған. Ол кәсіпорынды тіркеу, құрылысты жүргізуге рұқсат алу, электр қуатымен қамту жүйесіне қосылу және жылжымайтын мүлікті тіркеу. Байқау еліміздегі кәсіпкерлік ең жақсы дамыған 8 қаланың арасында жүргізілді. Рейтингтің алғашқы орындарында сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Павлодар мен Шығыс-Қазақстан аймақтары тұрса, Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстары мен Астана қаласы рейтингтің соңғы сатыларына жайғасқан. Мамандардың айтуынша, болашақта кәсіпкерлік климат еліміздің барлық өңірлерінде бағаланады.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары: -Біреу бірінші орын алады, ол деген үлкен жұмыс. Рейтингте бүкіл дүние жүзінен 189 мемлекет бар. Ол деген инвесторлардың шешім қабылдауына, қайда инвестиция салуына әсер ететін, ықпал ететін өте маңызды нәрсе.

Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ
 

Қатысты Мақалалар