32 жастағы британдық әйел бала кезінде өзінің туыс ағасының тарапынан зорлық көрген. Сол ісі үшін түрмеге қамалған ағасы мерзімінен бұрын босатылды, ал арнайы органдар әйелге бұл жайында хабарламаған. Түрмеге қамалмай тұрып ағасы аяқ асты лотереядан ұтыс ұтып, бай болып шыға келген еді. Ал көңілінде жарасы қалып қойған әйел болса қалай да кегін қайтармақшы болып, ағасының үйін өртейді.
Ақыры бұл ісі сәтті аяқталмай, әйелге қылмыстық іс қозғалады.
Уэльс компаниясын басқаратын Джули Барнетт есімді кәсіпкер әйел 8 жасында туыс ағасы Дэвил Диастың тарапынан көрген қасіретін бүгінгі күнге дейін ішінде түйіп келгенін айтады. Күйеуі және екі баласымен бақытты отбасылық ғұмыр кешкенімен өткені оның бойына тұсаудай байланып алған. Сол кездегі қасіреті әлі күнге дейін көз алдында.

Өз жиені мен өзге де оқушы қыздарды қорлаған педофил 15 жылға түрмеге қамалады. Бұдан тоғыз жыл бұрын Диас лотереядан 8 млн. фунт ұтып, байып алған еді. Асқан байлығының арқасында түрмеден 5 жылға ерте шығады.

Диас түрмеден шыққанымен бақылау қызметі Барнеттке заң бойыша хабарлауы тиіс еді, алайда әйел бұл жайында кеш білді. Өз отбасын қорғау мақсатында зорлықшыны да қинамақшы болады. Сөйтіп ағасының үйін өртеуге бел байлайды. Ол уақытта үйдің ішінде ешкім болмған, өрт те ғимаратты түгелдей жайлап үлгермеді.

Педофилдің құрбаны болған әйелге қылмыстық іс қозғалды. Бірақ Фемида қызметкерлері Джулидің бала кездегі ағасы тарапынан көрген қасіретін ескеріп, түрмедегі мерзімін 1 жыл етіп тағайындайды. Барнетт істеген ісіне өкінетінін айтты, сондай-ақ жұмысын дұрыс атқармаған зардап шегуші адамдарды қорғау мәселелерімен айналысатын арнайы қызметкерлерді де айыптады.
Шолушы: Гүлім Жақан