Швед саяхатшысы 1 жылда Алматыдан Каспийге дейін түйе үстінде жүріп өткен

/uploads/thumbnail/20170710103751633_small.jpg

Швециялық саяхаттаушы Кристиан Бодегрен Алматы облысы Лепсі ауылынан Каспий теңізіне дейін бір жыл бойы жүрген.  Саяхатттаушының жалғыз серігі оның түйесі болған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
43 жастағы Кристиан Бодегрен өзінің мақсатына жеткен.  Оның Жібек жолындағы соңғы аялдамасы Ақтау қаласы болды.


«Бұл айтып түсіндіруге болмайтын сезім. Сол жерде болғаныма сене алар емеспін. Бұл сезім менің көзіме жас келтіреді, бір жағынан қатты қуантады»-дейді саяхаттаушы. 
    «Каспий теңізіне жеткенде осы жолға бір жыл уақыт кеткенін ойладым. Қандай керемет естен кетпес саяхат»-дейді ол. Осыған дейін швед саяхатшысы Қазақстанның төрт мезгілінде көріп сезіне алғанын айтқан. Каспийді көріп енді Астанаға баруға бел байлап отыр. Сонда өтетін Art Fest фестивалінде көшпенділер туралы түсірген фильмін көрерменге ұсынбақшы.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

 

Қатысты Мақалалар