Пәкістандық әйел Парвин Биби өз қызын өртеп жібергені үшін өлім жазасына кесілді. Ол өзінің 18 жастағы қызы Зинат Рафикті ата-анасының батасын алмай, өз сүйгеніне тұрмысқа шыққаны үшін өртеп жіберген.
Аталған оқиға жас жұбалардың Лахорда тойлары өткеннен кейін болған екен. Зинат өлерр алдында өзінің ата-анасының үйінде болған. Анасы мен ағасы Зинатты байлап, үстіне керосин құйып, кейін өртеп жіберген. Парвин Биби қызын өртеп болғаннан кейін, көшеге шығып, отбасын масқаралаған қызын өз қолымен өлтіргенін айтып айқайлайды.
Зинаттың күйеуі Хассан Кхан өзге ұлт өкілі болғандықтан, ата-анасымен бірге бүкіл туысқандары қарсы болған. Олар үшін өзге ұлт өкіліне қыздарын беру үлкен қылмыс болып саналады.
Аударған: Әсел Өтешова
Кханның жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында, ата-анасы өз батасын беретіндігін, бірақ ол үшін қызды қайтадан үлкен той жасау керектігін айтқан екен. Туыстары Зинатқа ешқандай зияндарын тигізбейтінін айтып, уәде берген екен.
Зинаттың ағасына қылмысқа көмектескені үшін, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын болды.