Жаңбырдан кейін арықтан өлген адамның денесі табылды

    Aigerim Taubay
    Жаңбырдан кейін арықтан өлген адамның денесі табылды

    Алматыда жаңбырдан кейін арықтан адам мәйіті табылды деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі tengrinews.kz мәліметіне сүйеніп

    Оқиғаны видеоға түсірген куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында болған.  "Қыз бала арыққа құлады. (...) Осы жерде адамдар тоқтап, көмектесуге кірісті. Мен кинодан шықтым, қарасам мұнда айғай-шу болып жатыр екен. Арыққа су кірмеуі үшін бітеп жатыр, Қызды шығарып алмақшы", - дейді куәгер. 

    ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл мәліметті растады.  "Алматыда 07.06 күні сағат 04:30-да Медеу ауданындағы әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында "Самал-2" ықшамауданында ТЖД қызметкерлері (13 адам және 2 арнайы техника), "Алматы құтқару қызметі-109" (төрт адам және бір арнайы техника) арық жүйесінен 1994 жылғы қыздың мәйітін алып шықты, - деп хабарлады Иманқұлов.

    Шолушы: Альмира АСЛАНОВА

     

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025