Туристерге танымал Тараз бен Түркістан ТМД-дағы тарихи қалалар тізіміне енді. Түркістан қаласы рейтинг бойынша көшті бастап, бірінші орында тұр. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі capital.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. ТМД елдерінің ішінде саяхатшылар арасында ең танымал тарихи қалаларды ТурСтат Аналитикалық агенттігі анықтады.
Туристер келетін ең көне тарихи қалалар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.
ТМД халқына танымал тарихи 10 қала:
1 . Түркістан (Қазақстан)
2 . Самарқан (Өзбекстан)
3 . Бұхара (Өзбекстан)
4 . Тараз (Қазақстан)
5 . Гянжа (Әзірбайжан)
6. Витебск (Белоруссия)
7 . Хиуа (Өзбекстан)
8. Гюмри (Армения)
9 . Худжанд (Тәжікстан)
10 . Мары (Түркіменстан)
Айта кетсек, Оңтүстік Қазақстан облысына келетін туристердің саны 30 %-ға артқан. Сонымен қатар Рухани астананың туристерді қабылдайтын орындары да күн санап артып келеді. Өткен жылы аталған орындардың саны 167-ні құраған. Ағымдағы жылда жергілікті билік өкілдерінің айтуы бойынша туризмді дамыту 4 бағыт бойынша жүргізілуде. Олар: туристік имиджді жылжыту, қызмет көрсетуді дамыту, туризмді дамытудың системалық жағы және инфрақұрылымды дамыту.



Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ