ДЖЕКИ ЧАН ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚЫСЫ КЕЛЕДІ

/uploads/thumbnail/20170710105004500_small.jpg

Қазақстан-Қытай кинофестивалі аясында журналистердің сұрақтарына жауап берген актер Қазақстанда қайырымдылықпен айналысқысы келетінін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz

«Расында мен осы салада жұмыс істеуге әрдайым дайынмын. БАҚ өкілдері арасындағы достарымнан менің көмегім қажет болуы мүмкін проблемалар жайлы көбірек айтуын сұраймын. Себебі мен Қазақстанды жақсы білмеймін және ондағы адамдарға не қажет екенін де білмеймін. Әдетте мен қайырымдылықпен айналысқанда БАҚ өкілдері маған менің қандай көмегім тиюі мүмкін екенін айтады», - деген Джеки Чан.

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан кеше Қазақстанға ұшып келгенін жазған едік. Джеки Чанды Астана әкімі Исекешев пен Қазақстан РТРК басшысы Ерлан Қарин күтіп алған.

Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына Джеки Чан  қонақкәде ретінде қытай тілінде «Отан» әнін шырқады. Актер бұл ән отаншылдыққа баулитынын, сондай-ақ, барлық адам өз отанын сүю керек екендігін жеткізді. Айта кетейік, Джеки Чанның ән шашуынан кейін Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген сахнаға шығып, «Singer» байқауында шырқаған қытайша «Күзгі мұң» әнін айтып берді.

Қытайлық әрі америкалық актер Джеки Чан  Димаш туралы да айтқан. Димаштың әйгілі киноактер болатыны туралы айтқан ол «Димаш бүкіл қытайлықтарды және мені өнерімен тәнті етті» деп Димашқа деген құрметін білдірді.

Ол бүгін Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысар алдында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Түнгі Студия» бағдарламасына сұхбат берді. 

Сонымен қатар әйгілі актер қазақстандықтарды өзінің Бейжіңде ашылған кунг-фу мектебінде дәріс алуға шақырды. Қазір Бейжіңде кунг-фу бойынша жаттығулар жүргізудеміз, алдағы жылы онда мектебімізді ресми түрде ашуға ниеттіміз. Сондықтан да осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осы өнерге қызығушылық танытқан адамдар Бейжіңге келіп, кунг-фуды меңгеруді өтінер едім. Бүгінде осы саладағы жұмыстарымыз жаңадан қарқын алуда, осы орайда болашақта барша әлемде мектептерді ашуға ниеттімін. Мүмкін Қазақстанда да кунг-фу мектебі ашылып қалар», - деді танымал актер.

Сондай-ақ, Джеки Чан Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандағанын да айтты.  

«10 жыл бұрын Қазақстанның Гонконгтағы елшісі Қазақстанның бай ресурстары жайлы айтып берген болатын. Бес жыл бұрын елші маған тағы да Қазақстан жайлы айтып берді. Шынымды айтсам, Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынмын. Бірақ, амал не, уақыттың тығыз болуына байланысты бұл арманым сол күйі орындалмаған еді. Бірақ мен болашақта міндетті түрде Қазақстанға келіп, осы іспен айналысқым келеді», - деді актер Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Қытай кинофестивалінде.

Сондай-ақ, Джеки Чан Қазақстан табиғатының оған әсер қалдырғаны соншалық - ол өзінің боевик жанрындағы фильмдеріне экшн қойылымдар түсіріп, бүлдіріп аламын ба деп қорқатынын айтты.

Айта кетейік, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. Әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам -  63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін келіп отыр. Елордалықтар мен қала қонақтары фестиваль аясында «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

Қатысты Мақалалар