Автокөліктің алдыңғы терезесіне кіріп кетпей тұрып, ат мотоциклшімен соқтығысқан.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Үндістандағы Джайпур қаласының тұрғындары ат пен автокөліктің соқтығысқан, нәтижесінде ат көліктің алдыңғы терезінен толықтай кіріп кеткен. Куәгерлер болған оқиғаны видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, ат көлікке кірмей тұрып мотоциклшімен соқтығысқан көрінеді.
Көлік жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға түскен. Ал атқа көмек көрсеткен ветеринар Арвинд Матур аттың байбалам салуына күннің ыстық болуы әсер еткен дейді.
Шолушы: Сабина Рамазан