ҚЫТАЙ ПРЕЗИДЕНТІ СИ ЦЗИНЬПИН РЕСМИ САПАРМЕН АСТАНАҒА КЕЛДІ

/uploads/thumbnail/20170710105258001_small.jpg

Қытай президенті Си Цзиньпин ресми сапармен Астанаға келді деп хабарлайды Қамшы тілшісі.

ҚХР төрағасын әуежайдан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мамин мен ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қарсы алды.

Сондай-ақ, Ресей президенті Путин де Астанаға келген.

Қазақстанның ең ірі екі серіктес елі басшылары Астанада 8-9 маусым күндері өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады.

Айта кетсек, Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы Қытай жетекшілігімен құрылған. Оған Қытай мен Ресейден басқа Орта Азия елдерінен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мүшелік етеді. 

Қатысты Мақалалар