Ата-анасы балаларының жәй ғана іші өтіп жүр деп ойлаған. Алайда, жедел жәрдем шақырғаннан соң бәрі де кеш болды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.
Франциско Дельгадо есімді балақай өзінің отбасымен бірге Техас-Сити бөгетінің жанына шомылуға барған. Үйінен оралғаннан кейін баланың іші ауыра бастаған.
Ата-анасы алғашында бала уланып қалды деп ойлаған, кейіннен Францисконың бір апта бойы іші өтіп, құсып, мазасызданған.
Уақыт өткен сайын баланың жағдайы нашарлай бастайды. Бір күні Франциско түнде оянып алып, қатты ауырғандығын айтып айқайлаған. Әкесі дереу жедел жәрдем шақырғанымен бәрі де кеш болды. Дәрігерлердің айтуынша, өкпелері суға толып қалғандықтан балада құрғақ тұншығу болған. Мұндай жағдайға көбінде кішкентай бүлдіршіндер тап болады екен.
«Баламның өлгеніне әлі де сене алмаймын», - дейді баланың анасы Тара Дельгадо.
Шолушы: Назерке Лабихан